Reading. One of the two texts below is an article by a Kazinform correspondent; the other is Y. Altynsarin's story “Garden trees”. Compare the two texts and analyse their language and style, their form, and their similarities and differences.
↳ ORIGINAL (KAZAKH)
Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилін, формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.
SOURCE A · TEXT — Kazinform report on a seminar at kindergarten №29 «Ақ қайың»
Астанадағы №29 «Ақ қайың» балабақшасында «Тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу – заман талабы» тақырыбында семинар өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Онда адамгершілік-рухани, патриоттық білім беру бағдарламасын бірыңғай білім беру кеңістігіне енгізудегі жұмыс тәжірибесі талқыланды. Балабақша меңгерушісі Ләйлә Рақымжанованың айтуынша, өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу мәселесі қашан да өзекті болып келді. Дәл осы мектепке дейінгі аралық – балаға рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін өте ыңғайлы кезең, себебі бұл кезеңде бала айналаны аса сезімталдықпен, үлкен әсермен қабылдайды. Жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани эталондар мен мінез-құлық ережесін қалыптастыру үшін бұл аралықты өткізіп алмау керек деп есептейді балабақша мамандары. «Бала өмірінің алғашқы 7 жылында жинақталған көзқарас оның тұтас өміріне азық болады. Бірақ қазіргі ата-аналар балалардың рухани дамуына мүмкіндік бермей, ерте жастан бүлдіршіндерінің интеллектісін дамытуға басымдық беріп жүр. Оларға баласының мектепке барғанша әріптерді білуі, ағылшын тілінде сөйлеуі, жаза білуі маңызды. Өй-өрені қуып жүргенде, кішкентай адамның рухани-адамгершілік дамуы көлеңкеде қалады. Онсыз барлық сатып алынған білім түкке аспай қалады, баланың эмоционалды-рухани жетілмеу мәселесі туындайды», – дейді меңгеруші.
inform.kz (151 words)
SOURCE Ә · TEXT — Y. Altynsarin, “Garden trees” (Бақша ағаштары)
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. – Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы. – Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса, кесіп отырған. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, – деді атасы. – Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, – деді баласы. – Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады: сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді.
zkoipk.kz (120 words)